Екібастұзда тағы бір жылыжай ашылуы мүмкін  

 

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ХІІ экономикалық форум шеңберінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ресейлік «Экокультура» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қияр өсіретін жылыжай салу мәселесін талқылады. Аталмыш кәсіпорынның жұмысының негізгі бағыттары микротыңайтқыштар  және өсімдіктерді қорғау құралдарын сату болып табылады.   

         Аймақ басшысы ресейлік кәсіпкерлерге жылыжайды Екібастұз қаалсының жанындағы № 1 ҚАЭС–ың  аумағында орналастыруды ұсынды. Станцияда өндірілетін арзан электр және жылу энергиясы кәсіпорынға жылыжайды техникалық шарттармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

—  Қазіргі кезде станцияда 25 Гигокалория қуаттылық көздері бар, — деді облыс әкімі. – 1 кВатт-ың құны сегіз теңгені құрайды. Бұл ТМД елдері бойынша ең арзан баға.

Ресейлік компанияның өкілдері көмірсутектің диоксидін алу мәселесі де мазалайтынын жеткізді. Аймақ басшысы оларға Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілетін көмірқышқыл газын сатып алуды ұсынды.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар Екібастұз станциясының жанынан жылыжай құрылысын бастау туралы келісімге келді. Облыс әкімі инвесторларға қолдан келетін көмектің бәрін көрсетуге уәде берді.

Айта кету керек, Екібастұздағы жылу электр станциясыынң аумағында бұған едйін раушан гүлдері мен қызанақтар өсіретін екі жылыжай ашылған болатын. Жылыжайларда өсірілетін өнімдер қазіргі таңда еліміз бойынша және алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарылады.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы