Екібастұзда тұңғыш «SHIFT UP» ашық қалалық автожарысы өтті
Екібастұзда дрэгрейсинг бойынша тұңғыш ресми «SHIFT UP» ашық қалалық автожарысы өз мәресіне жетті.
Жарыстың ұйымдастырушысы Станислав Авериннің айтуынша, бұл шара Екібастұз қаласы әкімдігі мен ҚР Автомотоспорт федерациясының қолдауымен жүзеге асқан.
Біріншілікке Астана, Семей, Павлодар, Қарағанды мен кеншілер шаһарынан 13 спортшы қатысты, — дейді Станислав Аверин. – Саяжайдағы Энергетиктер көшесінде өткен сайыста қатысушылар жеті бағдарлама бойынша сынға түсті. Жеңімпаздарға кубоктер мен демеушілер тарапынан көлік майы, дамкрат, термотоңазытқыш сияқты бағалы сыйлықтар табысталды.
«Cuty Pro» бағдарламасында астаналық Виктор Сальников, «Street» бағдарламасында екібастұздық Максим Хорищенко, «Pro Street» бойынша семейлік Евгений Ковылин жеңіске жетті. Ал «Unlimited 2» бағдарламасында павлодарлық Василий Берестов топ жарса, «4WD» жарыс түрінде семейлік Жандос Жүнісовке тең келер ешкім болмады. Еркін класта қарағандылық Борис Бояркин жеңіс тұғырына шықты.
Өз тілшімізден.