Екібастұздық білім беру мекемелері 700 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сертификаттармен марапатталды
Ағымдағы жылдың 23-тамыз күні Екібастұз қаласындағы «Өнер» орталығында тамыз конферециясы өтті. Аталмыш шараға өңірдегі барлық білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері шақырылды.
Конференцияның пленарлық бөлімінде сөз алған қала әкімінің орынбасары Наталья Нефедова жиналған қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Ал, білім бөлімінің басшысы Жанат Ибраев өткен жылғы жетістіктерге тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Шараның екінші бөлімінде ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының, «Нұр Отан» партиясының, облыстық, қалалық мәслихаттарының, Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды. Ал, «Екібастұз қаласы алдында сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісі №23 «Балауса» бөбектер бақшасының меңгерушісі Биғайша Теміроваға берілді.
Білім беру мекемелері арасындағы марапаттар келесідей болды:
«Үздік тәрбие ортасы» номинациясында
«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені – 700 000 теңге;
Балалар музыка мектебі – 700 000 теңге;
Балалар көркемөнер мектебі – 700 000 теңге;
Техникалық шығармашылық мектебі – 700 000 теңге;
«Үздік мектепке дейінгі ұйым» номинациясында
№1 «Ромашка» балабақшасы – 1 000 000 теңге
№ 9 «Радуга» балабақшасы – 1 000 000 теңге;
№ 16 «Балдәурен» бөбектер бақшасы – 1 000 000 теңге;
№ 20 «Мерей» бала бақшасы – 1 000 000 теңге;
№ 21 «Кішкентай данышпандар» ресурстық орталығы – 1 000 000 теңге;
«Үздік білім ордасы» номинациясында
№ 11 жалпы орта білім беру мектебі – 2 000 000 теңге;
№ 25 қазақ қыздар гимназиясы – 2 000 000 теңге;
С. Торайғыров атындағы № 22 мектеп-гимназиясы – 2 000 000 теңге;
№ 26 мектеп-гимназиясы – 2 000 000 теңге;
№14 жалпы орта білім беретін мектебі – 1 000 000 теңге;
Майқайың жалпы орта білім беретін мектебі – 1 000 000 теңге;
Еске салайық, 22-тамыз күні Павлодар қаласында өткен облыстық тамыз конферециясында «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбану Қалиева облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталса, №35 мектеп-гимназиясы «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсында жеңіске жетті.
Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі