ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінің «La Vie Добро» еріктілер жасаға кезекті қайырымдылық экологиялық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңке барысында 90-шы жылдардағы хиттер шырқалып, тәтті тағамдар саудаланды.
Студенттер дәмді тоқаштар әзірлеп, қайырымдылық жәрмеңкесіне келгендерге жеміс-жидек пен сусындар ұсынды. Келушілер демеушілер өткізген ұтыс ойынына қатысып, көңіл-күйлерін көтерді. Жәрмеңке экологиялық бағытта өткізілгендіктен, өзімен бірге бос пластикалық бөтелке әкелгендерге сауда барысында 10%-дық жеңілдік жасалды. Сатылған өнімдердің барлығы қағаз орамаға салынды.
Еріктілердің жұмысы өз нәтижесін берді деген ойдасмыз. Жәрмеңке барысында жиналған 80 мың теңге «Альрами» клуб үйі мен «Сердца Павлодара» қоғамдық қорына тарту етілетін болады, — деді шараны ұйымдастырушылар.
Өз тілшіміз.