ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ЖОБАЛАРДЫҢ АЯҚ АЛЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басшылығымен кездесіп, мұндағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша кеңесі өткізілді. Өз кезегінде экономикалық аймақтың басқарма төрағасы Қайрат Мұқамбетқалиев алдағы уақытта жүзеге асатын бірқатар жобаларды атап, оларға экономикалық аймақ тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерге тоқталды.
Қазіргі кезде бұл аймақ дайын инфрақұрылымы бар өнеркәсіптік алаң болып табылады. Онда қатысушыларға салықтық және кедендік жеңілдіктер де қарастырылған. Осындай артықшылықтарға қызығушылық танытып, экономикалық аймаққа тіркелген жобалардың аяқ алысы жан-жақты талданды.
Жалпы, «Тараз Химиялық паркі» ауданымызбен қатар, облыс экономикасы үшін өте маңызды инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкіндік беру мақсатында құрылғаны белгілі. Ендігі кезекте осында тіркелген жобаларды аяғына дейін жеткізіп, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында экономикалық аймақтың басшылығымен алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істеу керектігі туралы айтылды.

Шу ауданы әкімдігі