«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Малайзияға жасаған сапары барысында белгілі болды.
Астана. 5 сәуір. Baq.kz – Малайзияның «жасыл» технологиялары «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылатын болды. Бұл туралы 2016 жылғы 4-5 сәуір аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Малайзияға жасаған сапарыбарысында белгілі болды.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Малайзияға сапар жасады. Сапар барысында Малайзияның министрлер кабинетінің Бас хатшысы – Али Хамсамен, Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстар министрлігінің Бас хатшысы – «ЭКСПО-2017» Малайзия бөлігінің Комиссары Лу Джимен, жергілікті ғылыми және іскер топтарымен кездесулері өтті.
Малайзия үкіметінің ғимаратында өткен кездесуде, А. Хамса мен Р. Жошыбаев екі елдің сауда-инвестициялық және ғылыми салалардағы ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен «ЭКСПО-2017»-ге малайзиялық туристерді тарту салалары бойынша, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрмеге малайзиялық компаниялардың кеңінен қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бас хатшы Астанада көрменің өтуі технологиялық ағын мен ғылыми базаның нығаюына септігін тигізіп, Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстар министрлігіндегі кездесуде, Лу Джи Малайзияның биомассадан экологиялық таза отын өндіру саласындағы соңғы технологиялық талдамалары мен күн энергетикасындағы шешімдерін ұсынуға дайындығын және Қазақстанда күн панелдері мен олардың компоненттерін бірлесіп өндіру мүмкіндігін, сондай-ақ жаңартылмалы энергия көздері саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүдделі екенідігін хабарлады. Бас хатшының айтуынша, Малайзияда энерготиімді құрылыс пен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» көліктерді, оның ішінде қоғамдық көліктерді дамыту салаларында жаңаша технологиялар сәтті іске асырылуда.
Сапар аясында «SEDA» баламалы энергетика көздерін дамыту бойынша агенттігі, «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығы, «Petronas» мемлекеттік мұнай-газ компаниясы, «MATRADE» Сыртқы сауданы дамыту корпорациясы, «MIDA» Инвестицияларды дамыту агенттігі, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және т.б. өкілдердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Талқылау барысында, «ЭКСПО-2017» өткізу кезеңінде іскер топтардың өз мүмкіндіктерін таныстыру рәсімін өткізуге жоғары қызығушылығы мен малайзиялық туроператорлармен ынтымақтастықтың кеңейтілу мүмкіндіктері аталып өтіп, көрмеге жергілікті туристерді тарту мәселесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, «МАТТА» Ұлттық туристік қауымдастығы және «GreenTech» ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
«GreenTech» орталығымен ынтымақтастық Астанада БҰҰ-ның «жасыл технологиялар» мен инвестициялық жобалар Орталығын құру аясында ерекше маңызды болып табылады.