ЕЛ АҒАЛАРЫ ЕЛГЕ КЕЛГЕНДЕ

Талас ауданы Шатура алқабынан басталған сапарда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев жолсерік болды. Бұдан кейін ағалар Бостандық ауылындағы Алғабас орт а мектебінде және Аққұм ауылындағы Б.Тоқтықожа атындағы орта мектепте ауылдастары, мектеп оқушылар және ұст аздар қауымымен ке зде сулер өткізді. Көнекөз қариялар мен ағалардың қатарлары балалық кезеңнің ұмытылмас сәттерінен естеліктер айтса, мектеп оқушыларын бүгінде елге танылған ел ағаларының өмір жолы, шығармашылық жолы қызықтырып, сауалдар қойды. Әсіресе, Бостандық ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғазы Шәріпбаев пен Аққұм ауылының ақсақалы Пәрімбек Бейсеновтердің естеліктері әсерлі болды.

Бұдан соң Бөріқазған, Тәңірқазған жазығында болған қонақтар аудан орталығындағы Тамды қалашығы, аудандық тарихи-өлкетану мұражайында, жақында ғана ел игілігіне берілген Д.Қонаев музейінде болды. Академик Ес ен Ықыласұлы жоғары сыныпты Қаратау қаласындағы мектеп-интернатта оқып, орта мектепті күміс медальмен бітірген. Сондықтан өзіне ыстық білім ошағына арнайы ат басын бұрды. Ол мектеп-интернат ғимаратына бүгінде лицей орналасқан. Жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесуде түлектерді ғалымның 1985 жылдан бастау алған білімді ақпараттандыру саласындағы еңбектері қызықтырды. Жалпы, Есен Бидайбеков елімізде білімді ақпараттандыруда ең алғаш қолға алған ғалым. Ол кісінің жетекшілігімен ғылым докторлығын қорғаған жерлестеріміз ғалымда  – Жақсыбек Құлекеев, Қали Әбдиев, Тахир Ба лқыбаев жерлестерінің мақтанышы.

– Мектеп бітірген жылы теміржолшы болғым келген. Бірақ өзім бала кезден математика ғылымына жақын болғандықтан осы салаға түбегейлі келдім. Ғалым адамның жаңалығы ойында жүреді ғой. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақ мамандық таңдауда адаспай, туған елі мен жерінің мерейін тасытатын азаматтар болып қалыптасса екен деймін. Әрине, сыртта жүріп, ғылым саласында атақ-даңқымыз дүркіреп шыққанымен елден төмен екенімізді ұмытпадық. Елдегі ағайынның әрдайым мерейі үстем, биік тұрады, – дейді Есен Ықыласұлы.

Елен Әлімжан аға елге келгенде өзімен бірге біраз кітаптарын ала келген екен. Кездесулерде мектеп ұжымына өзінің кітаптарын табыс етті. Уақытында Қалтай Мұхамеджанов Елен ағаның шығармашылығына риза болып, «Өмірдің жалын ұстаған» деп баға берген. Өмірдің жалын ұстай, өзінің туған жерін ұмытпай елге келген Елен аға: «Жас ұлғайған сайын туған жер де ыстық болады. Елге келіп, қатарлармен сырласып, балалық кезді еске алғың келеді. Жалпы шығармашылық адамдары елге жиі келіп тұрғаны абзал. Өйткені қаймағы бұзылмаған қазақ тілінің мәйегі елде. Көне көздердің сөз саптауы, ұмытылып бара жатқан мақал-мәтелдерді айтуы, туған жердің табиғаты, елді мекендері, жер-су атаулары – қандай да бір шығарманың өзегі болары анық»,- депті.

Екі күнге жалғасан жолсапар соңында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек ел ағаларын қабылдап, бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ауданның тыныс-тіршілігінен хабар берді. Сондай-ақ екі ағаның иығына шапан жауып, ықыласын танытты. Ал ағалар екі күн елде жүрген кезде барлық жағдайды жасап, ел мен жер тарихын жаңғыртуда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толғанын алға тартып, аудан әкімі мен көпшілікке ризашылықтарын жеткізді.

Ерман ӘБДИЕВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.