Ел азаматтары 1414 нөмірі арқылы тегін құқықтық сұрақтар бойынша көмек ала алады
ҚР Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР кезекті қызметті іске қосады, деп хабарлайды ҚР ӘМ баспасөз қызметі.
Бірыңғай байланыс орталығының базасында 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да кеңес беріледі.
Осыған байланысты, кез келген адам оңай есте қалатын 1414 нөміріне қоңырау шалуына болады. Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторына және стационарлық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін.