Ел бірлігі – ең басты құндылық
Жергілікті тұрғындармен кездесу кестесіне сәйкес, бүгін аудан әкімдігіне қарасты бірқатар бөлімдер мен мекемелердің басшыларымен бірге Боралдай және Қошқарата ауылдық округтеріне барып, тұрғындарымен кездестім.
Сонымен қатар, аталған ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың барлығына бас сұғып, ондағы қалыптасып отырған нақты жағдайлармен таныстым.
Алғашқы жұмыс сапарымды Боралдай ауылдық округінің Ертай ауылындағы ауылдық медициналық пункттің жұмысымен танысудан бастадым. Келесі кезекте ауылдағы №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектепті араладым. Мектептің оқу кабинеттерін және акт залын, спортзалын аралап көріп, сонымен қатар, мектептің сыртқы келбетімен таныса келе, директорға шаруашылық жұмыстарын ретке келтірумен қатар, оқушылардың білім сапасын да көтеруге күш салу қажеттігін айтылды.
Ертай ауылында одан бөлек, 50 орындық «Самал» бөбекжай-балабақшасы, ауылдық кітапхана мен клубтың жұмысы ұсынылды. Сонымен қатар, Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылында болғанда, №14 өрт бекетінің жұмысымен және С.Бәйтіков атындағы орта мектептің, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен таныстым. Одан бөлек, Рысбек батыр ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеппен таныстым, сонымен бірге ауылды газдандыру жұмыстарын көрдім.
Жалғас Мұртаза, Жуалы ауданының әкімі