ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 3 АЛТЫН ОЛЖАЛАҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫНА КҮРЕСТІ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
Талдықорғанда жүзуден Қазақстанның ашық іріктеу чемпионаты аяқталды. Жарыс 14-17 мамыр аралығында орталық бассейнде өтті.
Елшілік додада Софья Сподаренко 50 және 100 метрге баттерфляй әдісінде чемпион болса, Аделаида Пчелинцева 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзуде ешкімге дес бермеді. 4х100 метрге аралас эстафетада Дарья Токтобаева, Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко және Милана Болдыреваға тең келер ешкім болмады.
Жарыс қорытындысы бойынша Софья Сподаренко FINA рейтингінде астаналық Әділбек Мусиннен кейін екінші орынға тұрақтады. Енді Италияның Рим қаласында 19-24 маусым аралығында өтетін Олимпиада лицензиясын беретін соңғы іріктеу жарысына қатып, бағын сынайды. Софья лицензиялық жарыста лайықты өнер көрсету үшін 26 мамырда Алматы қаласында Қазақстан
құрамасы сапында дайындықты бастайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі