Ел ертеңі «Жастар жылы-жаңа мүмкіндіктер кезеңі»

 

    Сарысу ауданында аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің қатысуымен  “Жастар жылы-жаңа мүмкіндіктер кезеңі” атты басқосу өтті.

Онда аудан басшысы Қанатбек Мәдібек және найб имаммен кәсіпкерлер жастармен пікірлесіп, түрлі мүмкіндіктерді қарастырылды. Сондай-ақ, басқосудың мақсаты да осы жастарды демеп жіберу, дұрыс бағытқа жетелеу және бойындағы талантын танып, тамырын жаюына жағдай жасау.
Жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына көбірек жағдай жасалуда. Бұған қоса, Жастар жылы көптеген шаралар ұйымдастырылып жатқаны да белгілі.

Әр ел келешегінің кемел болуын жастармен байланыстырып, оларды «болашақтың тұтқасы» деп есептейді. Бұл ретте тәуелсіз елімізде өскелең ұрпақ игілігі үшін атқарылған жұмыстар көл-көсір екенін айтпай болмас. Бүгінде жас қазақстандықтар әлемнің кез келген еліндегі қатарласымен терезесі тең. Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдылықтардың біріне айналды.

Жүздесу барысында аудан басшысы мемлекет тарапынан жастарға әрдайым қолдаудың жасалып келе жатқанын  айтты. Әсіресе, елдің болашағы жастарды жан-жақты демеуде Елбасының өзі үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар  келелі кездесуде ауданымыздағы  қазіргі таңдағы бұқаралық спорттың деңгейі мен спорт саласындағы жастарымыздың белсенділігіне кеңінен тоқталды.

Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». Жастар тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын ертеңгі ел тұтқалары. Міне, жастар осыны қаперде ұстап, басшылыққа алуы тиіс. Ал, аудан басшысының жастармен өткізген ашық сұхбаты алаңының да көтерген жүгі де осы болса керек-ті.

Атап айтсақ, өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді.

Басқосуда жастар кәсіпкерлермен бизнес ашу туралы кеңестер алып, тұшымды ой түйді. Ал найб имамның салиқалы пікірлері ой саларлық болды. Сонымен қатар,  алдағы уақытта басқосулар жиі болсын деген ниеттерін жеткізді.

 

Бөрі Сұлтан