Ел қоржынына алтын мен күміс қатар түсті
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына бірінші алтын жүлде және тағы бір күміс түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші алтын жүлдегі биатлоншы қызымыз Алина Райкова алып берді. Ол биатлоннан 15 шақырымға еркін стильде сайыста түсіп, 9:48.7 уақыт көрсеткішімен топ жарды. Бұл сайыста сынға түскен Галина Вишневская қарсыласынан 2:21.1 уақыт қалып, екінші орынға тұрақтады.
Үшінші орынды украин қызы Надежда Белкина иемденді. Ол біздің отандасымыздан 2:23.6 уақыт қалып қойды.
1. Алина Райкова (Қазақстан) — 59:48.7 (0+1+1+0)
2. Галина Вишневская Қазақстан) — +2:21.1 (1+3+0+0)
3. Надежда Белкина (Украина) — +2:23.6 (1+2+0+2)
4. Дарья Усанова (Қазақстан) — +2:55.5 (1+1+0+3)
5. Елизавета Бельченко (Казахстан) — +3:10.5 (0+2+0+2)
11. Анна Кистанова (Қазақстан) — +6:52.7 (3+2+0+3)
15. Александра Сасина (Қазақстан — +7:43.6 (0+0+5+0)
Сондай-ақ, 1500 метрге конькимен жүгіруден Екатерина Айдова қоланы иеленген болатын.