«ЕлАна» ақпараттық агенттігі туралы
Мақсаты:
– Әлеуетті әлеумет, ұлағатты ұрпақ, баянды болашақ;
— Болашақ ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде салт-дәстүр мен қазақы қалыпқа сай тәрбиелеуді жүзеге асыру;
– Қазақ аналарының ғасырлар бойы қалыптастырған тәрбие мектебін жаңаша жаңғырту;
– Ел мен жердің төл тарихын жастардың бойында отаншылдық пен өткенге құрмет сезімін ояту арқылы ұялату;
– Мәдени мұралар мен ұлттық өнерді заманға сай бейімдеп насихаттау;
– Ұлттың рухани тұғырының тұтастығын сақтай отырып, болашақ ұрпаққа имандылық пен ізгілікті мұрат еткен азаматтық позиция негізінде тәрбие беру;
– Елбасының саясатын қолдай отырып, билік пен халықтың арасында алтын көпірге болу;
– Аналар мен балаларды қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың бірегей насихатшысы болу;
– Әртүрлі саяси, әлеуметтік және қоғамдық құбылыстарды оқырманға шынайы түрде отырып жеткізу;
– Қоғамда әйелдердің беделін өсіруге көмектесіп, аналарға қамқорлық жасалуына өзіндік артуына үлес қосу.
– Ұлттық болмысымызға жат құбылыстармен күресу, азғындыққа бой ұрған, жаман әдеттермен уланған ұрпақты танымдық дүниелер арқылы саналарын тазарту;
− Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелей отырып, Отанды жанындай сүюге, оны қорғауға баулу;
− «Менің Отаным – Қазақстан!» деген ұран еліміздің әрбір азамат пен азаматшасының бойларында орнығуына зор үлес қосу;
− Халқымыздың ары мен ұяты іспеттес символдық рәміздерін, ұлылары мен тұлғаларын ұлықтауда жоғары рухтағы материалдарды жариялау;
− Жас ұрпақты өз ана тілін құрметтеуге деген қасиетті де қастерлі ұғымға тәрбиелеу;
− Жас пен кәрі демей денсаулық кепілі салауатты өмірді насихаттау;
− Тәуелсіз Қазақ елінің жастарын, жас өскіндерін отандық, елдік мұрат пен мақсат өресінде тәрбиелеп жан-жақты рухани жағынан сомдау.
Автордың материалы редакция көзқарасын білдірмейді. Редакция автордың материалының мәтініне жауап бермейді. Материалды көшіріп басу кезінде ELANA.KZ сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.