«ЕлАна» – Ұлтқа бесік, рухқа нәр!
Аса қадірлі «ЕлАна» ақпараттық, әлеуметтік, танымдық сайты!
Ұлағат пен қайыр-қанағатқа, иман мен әдепке, зайыр мен заманға сай өркениетке бастайтын «ЕлАна» сайтының тұсау кесер рәсімін естігенде қуанбаған қазақ жоқ шығар. Қағидалы халқымызбен қоса, ресми биліктің тел отырып, «ЕлАна» сайтының агенттігі мен ұжымына сенім артуы – көңіл кеңістігіндегі мәртебелі сәттің бірі болды. Сәуле Мешітбайқызы бастаған мейір-шапағаты мол, ар-ұжданы түгел, айтар пікірі бар айшықты ұжымның алар асуы, көрінер биігі – Ұлттық мүддеміз бен ұялас арманымызға баянды баспалдақ болсын! «ЕлАна» — ұлтқа бесік, рухқа нәр беретін тәлім мен тәрбиенің киелі көзі, қайнар бұлағы болсын! Халықтан асқан көсем жоқ, шындықтан асқан шешен жоқ. Халық пен шындықтың арасына «ЕлАна» сияқты руханияттық желіс пен өркениеттік өрісті қатар алып жүретін алтын көпір керек. Міне, сол қажеттілік пен мұқтаждықтың үзігі жамалып, керегесі кеңіп, шаңырағы тіктелді. Төріңнен бақыт іздесең, босағаңнан берекет кетпесін деп тіле! Ұлттық мүддемізді көздеген «ЕлАна» сайты сияқты киелі қадам — сол берекелі бірлігіміздің бастауы, бақ пен берекенің алтын босағасы. Аққа – құт, адал ниетке – бақ берсін, Алла!
Сабыр АДАЙ
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі
Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері
Ақтау қаласы