Елбасы Бурабайдың келешегін форумда айрықша атады
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форум аясында өткен «Қазақстанмен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдарым үрдістері» көрмесіне Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бастаған делегация қатысып, өңірдегі туризмнің дамуындағы табыстар мен мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды.
Атап айтсақ, екі көрші туризмді өркендеткен жетістіктерін паш еткен көрмеге екі мемлекеттің туризм саласындағы ерекшеліктері мен туристік әлеуеттерін таныстырған 40-тан астам экспонаттарын көпшілікке таныстырды. Екі елдің ынтымақтастық форумында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туризм саласы кәсіпкерлікті дамытуға зор серпін беретінін атап, әлем және еліміздің туризм саласының өркендеуіне айрықша тоқталды. Елбасы Қазақстанның Каспий мен Алтай арасы туризмнің түр-түрін дамытуға мүмкіндігінің зор екендігін айта келіп, әсіресе Қазақстан Швейцариясы атанған Бурабай курортының әлеуетін ерекше бағалады.
— Бурабай курортты аймағы туризмді өркендетуге өте қолайлы индустриалды аймақ. Бурабай шипажайларын, демалыс орындарын өркендетіп, өз халқымыз бен шетел туристерінің демалуына айрықша жағдай жасап, туризмді дамыту арқылы мемлекет табысын арттыратын боламыз, — деді Елбасы.
Қысқаша айтқанда форумда, екі көрші туристік бизнес саласында тәжірибе алмасу, туристік саланы дамытуға бағытталған қазақстандық және ресейлік кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын іскерлік ақпарат, тәжірибе алмасу, мамандар даярлап, біліктілігін арттыру, виза, көлік қатынастары, инвестиция тарту сияқты мәселелерді талқылады.
Форум барысында Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин және Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг туризм, сауда-экономика, ғылым-техника, әлеуметтік және гуманитарлық әріптестікті жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойысты. Орынбор облысы Қазақстанмен шекаралас және бізге етене таныс. Ауа райы, жер жағдайы бізге өте жақын. Емдік қасиеті бар тұзды көлдерге бай өлке.
Ақмолалық палуан Путинге ерекше сый жасады
Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына өнер көрсетуге келген, ақмолалық палуан Сергей Цырульников Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге екі ел достығының символы ретінде өрілген шегелерді сыйға тартты. Ол әлемнің 4 дүркін жəне Қазақстанның 5 дүркін рекордын жаңартушы. Жерлесіміз өз өнерін екі елдің елбасыларына тамашалатып, Ресей президенті Путинге өрген шегені сыйға тарттып тұрып, бұл сыйлықтың себебін түсіндірді.
Өнер иесі: «Кезінде біздің атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов шегені осылай өріп, сом темірді мойнына галустік етіп, байлайтын болған. Өнер көрсетіп жүргенде осындай түйген шегелерін құрметті адамдарға сыйға тартады екен. Мен бүгін сол үрдісті жалғастырып жүрмін. Бұл түйіп, өрілген шеге Қазақстан мен Ресей халықтарының достығының нышаны», — деп жерлесіміз ел басыларына ерекше көңіл күй сыйлады.
Ақмолалықтардың келесі жылғы межесі 6 млрд. теңге
Сондай-ақ, форумның «Қазақстанмен Ресей туризмін дамытудың жаңа жолдарымен үрдістері» көрмесіне Ақмола облысының туризм басқармасы бастаған ұйымдар қатысты. Олар көрмеге Бурабай және Зеренді курорты аймағының шипажай, демалыс орындарының тыныс тіршілігін бейне баян, фото суреттер арқылы көпшілікке таныстырып, өнер ұжымдары қазақ өнерінің жауһарларымен сусындатып, ресейліктердің қызығушылығын туғызды.
Ақмола обылыстық Туризм басқармасының басшысы Д.Идиятовтың таныстыруында: «Облыстағы 700 тарта туристік нысандар жылына 1 млн. қонақ күтеді және бұл көрсеткіш жыл сайын 10 пайызға өсуде. Биыл бізге 1,2 млн. дем алушы келіп, 5,6 млрд. тенгенің даяшылығын көрсеттік. Өңірдің ең үлкен екі курорты Бурабай мен Зеренді демалушыларына 2019 жылы 6 млрд. тенгенің даяшылығын жасайды. Қонақ қабылдауда Бурабайдың әлеуеті Зерендіге қарағанда 10 есе артық», — екені айтылды.
Сонымен қатар Ақмола облыстық туризм басқармасы Омбы облысының туризмді дамыту басқармасымен туризмді дамыту және тиімді әріптестік орнатып, сапалы қызмет көрсету мүмкіндіктерді арттыру жөнінде келісімге қол қойысқаны мәлім болды.
Дахан Шөкшир