Елбасы Павлодарға жұмыс сапарымен барды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Елбасымыз Ертіс Баян өңірінде бір күн болады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшысы алдымен Павлодар қаласындағы қосындыланған алюминийді шығарумен айналысатын «Giessenhaus» ЖШС-не, кейін кабельді өнімдерді өндірумен айналысатын «Қазэнергокабель» АҚ-на және «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-на барып, аталған ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысады. Аталған кәсіпорын басшылары мемлекет басшысына жұмыстағы жетістіктер және болашақтағы жоспарлар туралы баяндалатын болады.

Сонымен қатар Президент қалпына келтірілген Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға барып қайтады.  Кітапханада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Павлодар облысының әлеуметтік – экономикалық дамуы, «Рухани жаңғыру»   бағдарламасы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өтетін болады.

Т.Сахаба