Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті,-деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

-Сауд Арабия мен Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегияларында белгіленген мақсаттардың ұқсас тұстары көп. Сондықтан екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажет,-дейді Н.Назарбаев. Ал, Әділ әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды.

«ЕлАна»