Елбасы Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығының даму жобасымен танысты
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапары барысында әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, салтанатты түрде жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың капсуласын салды. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына шаһардың жоспарымен толыққанды құлағдар етті.
Жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша 5400-ге жуық жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, бала-бақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналаспақ.
Жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың тұрғын үйге бөлінген жер аумағымен қосқандағы аумағы 670 гектарды құрайды. Ал әкімшілік іскерлік орталықтың жер көлемі 225 гектар болмақ.
Алдағы уақытта қала аумағына қосымша жер телімі қосылатын болады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, бала-бақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналаспақ.
Пресс-служба акима Туркестанской области