ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Түркістан қаласындағы Түйе сүтін өңдейтін «GOLDEN CAMEL GROUP LTD» зауытын салтанатты түрде іске қосты. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен зауыт директоры Янг Джи қатысты.


Аталған жоба Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы ынтымақтастық меморандум негізінде құрылған. Сондай-ақ, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асыруға жоспарланған 51 жобаның бірі. 10 гектар аумақты алып жатқан серіктестік жылына 2 500 тонна түйе сүтін өңдеуге қауқарлы. Жоба жалпы құны 7,45 млрд. теңгені құрайды. Заводта 85 адам жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, мұнда түйе сүтінен диабетпен ауыратындарға арналған таблетка, косметика, түрлі дәммен жасалған йогурттар, құрғақ таблеткалар өндірілетін болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі