Елбасы Үндеуін атыраулық мұғалімдер мен студенттер қолдады

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-сі, Атырау мұнай және газ университетінің ұйымдастыруымен Атырау мұнай және газ университетінің конференция залында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы және мүшелері, ғылыми- сарапшылық топ мүшелері, Атырау Бизнес және құқық колледжі  мен С.Мұқанов атындағы Атырау политтехникалық колледжінің мұғалімдері және студенттері қатысты.

Аталған жиынның модераторы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г. Шакирова  құттықтау сөзімен ашып, Елбасының  Бес әлеуметтік бастамасына жеке-жеке тоқталды.  Атап айтсақ:

— «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»;

— «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»;

— «Жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»;

— «Шағын несие беруді көбейту»;

— «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» .

Сондай-ақ, жиынның күн тәртібіндегі  мәселелері  бойынша:

Атырау мұнай және газ университеті ректорының кеңесшісі, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы – Құлжанов Дүйсенбек Орынғалиұлы;   

Қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры  Құспанова Гүлнар Набиқызы;

— «Жас Отан» Жастар Қанатының Атырау облыстық төрағасы —  Гилажев Ринат Маратұлының баяндамалары қатысушылардың назарына ұсынылып, тыңдаушы тараптардың көңілінен шықты.

Жиын барысында қатысушы жастардың өзіндік пікірлері тыңдалып, Елбасының бұл Үндеуінің орасан зор маңыздылығына аса көңіл бөлінді.

Үндеудегі жиын бейнеролик жүзінде дайындалып, бірқатар ұсыныстар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасап, құзырлы органдардың алдында тұрған нақты міндеттерімен қортындыланды.

Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                                         «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                          баспасөз қызметі