Елбасы Жарлығымен Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы А. Көлгіновті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«А.С. Көлгіновті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының  Президенті      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы   26  наурыз

№  219

***

Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бас маманы, прокуроры болып бастады.

2003-2007 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы.

2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.

 

http://inform.kz/