Елде тыныс алу жолдары дерттері жиiлеп кеткен
Патронажды қызметке арналған конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов: «Бiз жұмысымыздың басым бөлiгiн өлiм-жiтiм көрсеткiшiмен бағалаймыз.
Шынымен де, көптеген көрсеткiш бойынша бiз жақсы нәтижелерге қол жеткiзiп келемiз. Негiзгi аурулардан өлiм-жiтiм, ана мен бала өлiмi, туберкулез азайып келедi. Дегенмен, дерттiң алдын алу мәселесi екiншi орында қалып қойып отыр.
Осы ретте, кейбiр маңызды iндет бойынша көрсеткiш жоғарылап барады. Мысалы, ересектер арасында жүрек-қантамыр аурулары кең тараған. Сондай-ақ, бiз қазiр тыныс алу органдары ауруларының қалай жиiлеп кеткенiн байқамай қалыппыз. Қазiр өкпе дертi жүрек-қантамыр жүйесi ауруларынан 2-3 есеге артып отыр. Рас, балалар мен жасөспiрiмдер арасында өлiм-жiтiм азайған. Дегенмен, 5 жасқа дейiнгi балалардың аурушаңдығы мен жиi жарақат алуы тiркелуде. Сондықтан, аурулардың алдын алуға, оның iшiнде балалар арасындағы түрлi дерттiң алдын алуға баса назар аудару керек.
Денсаулық сақтау министрлiгi ЮНИСЕФ-тiң балалар ауруларымен күреске бағытталған бағдарламасын енгiзуi қажет Соңғы көрсеткiшке сәйкес, сәби өлiмi азайып, ана өлiмi тiркелмеген Қызылорда облысының жетiстiгiн атап өткен жөн. Мәселен, жылына 19 мың бала дүниеге келетiн бұл өңiрде биыл сәби өлiмi 28 пайызға азайған»,— деп атап өтті.
Бұдан әрі ол: «Республика бойынша вакцинациядан бас тартатын азаматтардың басым бөлігі өз шешімдерін діни көзқараспен байланыстырса, қалғаны «жеке шешімім» деп, құтыла салады. Алайда «жеке пікірді» ұстанатындардың көбісі сол діни көзқарасқа байланысты вакцинациядан бас тартып жатады. Халық арасында вакцинацияға қатысты түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.
Соның арқасында 12 мың адамның ішінде 1 500 адам өз шешімін өзгертіп вакцинациядан өтті. Негізі, мұсылман елдерінде де вакцинацияны талап етеді.
Мәселен, бүгінде Меккеге қажылыққа баратындардан вакцинация туралы анықтаманы сұрайды. Сауд Арабиясының биілігі кем дегенде екі инфекция — пневмококк пен менингококктарға қарсы вакцинаның болғанын талап етеді. Сол себепті, егуден бас тартқандар қажылыққа бар алмайды», — деді.