Елдің талап-тілегі ескерусіз қалмайды
Жергілікті тұрғындармен кездесу кестесіне сәйкес аудан әкімі Жалғас Мұртаза Мыңбұлақ және Көкбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Жиын барысында аудан әкімі Көлбастау және Талапты ауылдарына ортақ мәдениет үйінің тұрғызылатынына тоқталды. Және әлеуметтік мәселелер мен ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айта өтті.
Сонымен қатар, Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылындағы басты мәселелердің бірі болған медициналық пунктің құрылысы жүріп жатқандығы және жыл аяғына дейін аяқталатындығын жеткізді.
Көтерілген мәселелерге байланысты аудан әкімі Жалғас Мұртаза, бөлім басшылары жауап беріп, оның кейбірінің орындалуы жауапты басшыларға жүктелді.
Жиында ауыл ақсақалдары аудан басшысына ақ баталарын беріп, ел сенімін ақтайтынына сенім білдірді.