Электронды цифрлы қолтаңбамен толық қамтамасыз етілді
Атырау облысы көлеміндегі барлық мұғалімдер (10 768 бірлік) және колледждегі барлық студенттер (4 633 бірлік) электронды цифрлы қолтаңбамен толық қамтамасыз етілді
Атырау облысы бойынша барлығы 1 443 210 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерімен 787 453 (54,5%) қызмет көрсетілсе, жергілікті атқарушы органдармен 655 757 (45,5%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Атырау облысы бойынша 25 колледж және орта кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет етеді. Атырау облысында орналасқан 22 колледжде студенттерге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды.
Осылайша Атырау облысы көлеміндегі орта кәсіптік білім беру ұйымдарында және 2 мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары 100 пайыз толықтай қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, а.ж 6 ай қорытындысымен Атырау облысы көлеміндегі барлық мұғалімдер (10 768 бірлік) және колледждегі барлық студенттер (4 633 бірлік) электронды цифрлы қолтаңбамен толық қамтамасыз етілді. Ол дегеніміз аталған тұлғалар мемлекеттік қызметті үйден отырып та ала алады.
Сонымен қатар, Департаментпен Денсаулық сақтау басқармасына «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» және «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді біріктіру арқылы бір өтініш негізінде екі құжатты рәсімдеу және қызмет құнын азайту туралы ұсыным енгізілген болатын.
Нәтижесінде, аталған ұсыныс өз қолдауын тауып бүгінгі күні өңірімізде аталған қызметтер біріктірілді және қызмет көрсету бағасы қайта қаралып, шығындар азайтылып, анықтамалар бағалары төмендетілді.
Анықтама үшін:
1) жұмысқа орналасу үшін анықтама алу құны 1650 теңгеден 1200 теңгеге қайта жасақталып, 450 теңгеге;
2) жүргізуші куәлігіне анықтама құны 4200 теңгеден 3500 теңгеге қайта жасақталып, 700 теңгеге азайтылды.
Аталған өзгерістер мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа сапалы және ыңғайлы етуге бағытталған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаментінің
баспасөз қызметі.