ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 — сынып оқушылары үшін ақылы негізде оқуға қабылдану үшін ҰБТ тестілеуге өтінішті қабылдау 5 наурыздан басталады. Тест өткізу мерзімдері 2021 жылғы 10 наурыз – 10 сәуір аралығы, бұл аралықта балаға 1 рет тест тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін, сондай- ақ ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін ҰБТ тестілеуге өтініш 2021 жылғы 26 наурыз – 10 маусым аралығында қабылданады. Тестілеу мерзімі 2021 жылғы 11 сәуір — 30 маусым аралығы, бұл аралықта балаға 2 рет тест тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Тестілеу „бір тестіленуші– бір компьютер-бір камера” принципі бойынша компьютерлермен жабдық- талған «U-FUTURE» ЖШС-да өткізіледі.
ҰБТ-ны өткізу кезінде түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте түсушілердің жеке басы адам бетінің көлемдік- кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі немесе тестіленушінің сыртқы келбетін жеке куәлікпен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Жеке куәлігі жоқ адамдарда білім беру ұйымынан бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған анықтама және туу туралы куәлік болуы тиіс.
ҰБТӨП ғимаратының кіре- берісінде түсушіге «Денсаулық күйінің қанағаттанарлығын растау, ҰБТ өткізу қағидаларымен танысу және тыйым салынған заттарды алып өткені үшін жауапкершілік туралы» танысу актісі ұсынылады.
Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды алып кіруіне жол бермеу үшін қолданылады.
ҰБТ-ны өткізу барысында тыйым салынған заттар
— АҚПАРАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ФУНКЦИЯСЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫН (ПЕЙДЖЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР, ПЛАНШЕТТЕР)
-РАДИО-ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ (WI-FI (ВАЙ-ФАЙ), BLUETOOTH (БЛЮТУЗ), DECT (ДЕКТ), 3G (3 ДЖИ), 4G (4 ДЖИ), 5G (5 ДЖИ
— НОУТБУК- ТЕР, ПЛЕЙЕРЛЕР, МОДЕМДЕР (МОБИЛЬДІ РОУТЕРЛЕР)
— СМАРТ САҒАТТАР, СЫМДЫ ЖӘНЕ СЫМСЫЗ ҚҰЛАҚҚАПТАР
— ШПАРГАЛКАЛАР, ОҚУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР
— КАЛЬКУЛЯТОРЛАР
Тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі
Тестілеу уақыты – 240 минут.
Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығуларға және дене жаттығуларына арналған 2 минут көлемінде үзіліс беріледі.
Тестілеудің 120 минуты өткеннен кейін 15 минут көлемінде үзіліс беріледі;
Тестілеудің 180 минуты өткеннен кейін көзге арналған жаттығуларға және дене жаттығуларына арналған 3 минут көлемінде үзіліс беріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарының түсушілеріне – 65 минут.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға – 130 минут.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін – 120 минут (2 сағат).
Шығармашылық дайындықты талап ететін, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін – 80 минут.
Тест тапсырмалары саны
Қазақстан тарихынан тест тапсырмалар саны -15
Математикалық сауаттылықтан тест тапсырмалар саны — 15
Оқу сауаттылығынан тесте тапсырмалар саны- 20
1-бейіндік пән бойынша тест тапсырмалар саны- 35
2-бейіндік пән бойынша тест тапсырмалар саны-35
Барлық тест тапсырмалар саны -120, 140 балл.
И.Баймағамбетов,
Сарысу аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы