ЭЛЕКТРОВОЗ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДАӨз өнеркәсібін өркендету мақсатында ауданымызға ат басын бұратын инвесторлардың саны жыл санап артып келеді. Олардың қатарында отандық кәсіпкерлерден бөлек, шетелдік инвесторлар да бар. Осыдан біршама уақыт бұрын ауданымызға арнайы келген “Alstom Kazakhstan” ЖШС-нің өкілдері электровоз құрастыру зауытын салуды көздеп отырғандарын жеткізген еді. Бүгін аталмыш серіктестіктің өкілдерімен жеке кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыладық. Мәселен, қазіргі таңда аталмыш компанияға Шу қаласынан жер заңдастырылды. Ендігі кезекте мұндағы инфрақұрылым жұмыстарын біршама реттеу қажет. Дәлірек айтқанда, берілген жерге газ, су, жарық және байланыс тарту мәселесін жан-жақты талқыладық. Жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын зауыттың құрылысы жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында басталып, келесі жылы толық аяқталады деп күтілуде. Аталған жоба жүзеге асып, толық қуатында жұмыс істей бастағанда 60-тан аса тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.
Өз өнеркәсібін өркендету мақсатында ауданымызға ат басын бұратын инвесторлардың саны жыл санап артып келеді. Олардың қатарында отандық кәсіпкерлерден бөлек, шетелдік инвесторлар да бар.
Осыдан біршама уақыт бұрын ауданымызға арнайы келген “Alstom Kazakhstan” ЖШС-нің өкілдері электровоз құрастыру зауытын салуды көздеп отырғандарын жеткізген еді. Бүгін аталмыш серіктестіктің өкілдерімен жеке кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыладық.
Мәселен, қазіргі таңда аталмыш компанияға Шу қаласынан жер заңдастырылды. Ендігі кезекте мұндағы инфрақұрылым жұмыстарын біршама реттеу қажет. Дәлірек айтқанда, берілген жерге газ, су, жарық және байланыс тарту мәселесін жан-жақты талқыладық.
Жалпы құны 2,2 миллиард теңгені құрайтын зауыттың құрылысы жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында басталып, келесі жылы толық аяқталады деп күтілуде. Аталған жоба жүзеге асып, толық қуатында жұмыс істей бастағанда 60-тан аса тұрақты жұмыс орындары ашылатын болады.
Бақытжан Жәнібеков
Шу ауданы әкімі