ЕЛГЕ БАЙ ҚҰТ ЕМЕС, БИ ҚҰТ……
Бидің айтқан сөзін, құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ. Ауызы дуалы билер, сөзін сүйегіңнен өткізеді. Оларға құдай осындай қасиет беріп қойған. Мықтылығы да сонда.
Ит жоқ болса — шошқа үреді қораға,
Би жоқ болса — құл жүреді жораға,
Бидің айтқанын — құлда айтар,
Құл сөзінде — ҚАСИЕТ жоқ…
«Ит жоқта шошқа үреді қораға, би жоқта құл жүреді жораға». Бұл мақалдың айтқысы келген ойы екінші жолда тұр.
Шындығында, ит жоқта қораға шошқа үрмейді. Нағыз әділ би жоқ болса, кім болса сол билік айтып кетеді.
Қораның тыныштығының күзетшісі ит болса, елдің тыныштығының күзетшісі ақылды Би.
Бірақ, бұл жерде «ит» деген теңеу жақсы мағынада айтылады.
Тексіз құлды шошқаға теңеп тұр.
«Құл» деп басында еркіндігі жоқ, кісінің есігінде жүрген пақырды емес, Әділ шешімін айтпайтын, бұра тартатын Қасиетсіз адамды меңзеген.