Елімізде ең көп жалақы қай мамандық иелеріне тиесілі?

Қазақстандағы мамандықтар мен қызметтер бойынша 2016 жылғы жалақы сомалары аталды, — деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, зерттеуге қыркүйек айында толық жұмыс істеген қызметкерлер кіреді.

2016 жылдың зерттеу нәтижелері бойынша, экономикалық қызмет түрлерінде еңбекақы төлеуі қызметкерлердің кәсіптер топтары арасында жіктелуі сақталады. Басшылар санатына жататын қызметкерлердің орташа жалақысы біліктілік деңгейі жоғарғы мамандардың жалақысынан 2,0 есе, біліктілік деңгейі орта мамандардың жалақысынан 2,6 есе және біліктілігі жоқ жұмысшылар жалақысынан 4,4 есеге көп.

Ең жоғарғы жалақы шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында жұмыспен қамтылған ұйымдардың басшыларында — 1 118 мың теңге тіркелді, бұл көмір және лигнит өндіру саласындағы басшылардың орташа алатын жалақысынан 4,2 есе және құрылыс саласындағы — 3,0 есе жоғары. Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары және орта мамандарында жоғары жалақы — 571 мың теңге, және 482 мың теңге алған.

1

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, экономикалық қызмет түрлері және қызметкерлердің кәсіптері бөлінісінде еңбекақы төлеуі айтарлықтай айырмашылық сақтап отыр екен. «Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында жоғары ақы төленетін техникалық қадағалау жөніндегі инженерде, бұрғылау жөніндегі инженерде (бұрғылау жұмыстары) және ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженер болды (832 — 1 016 мың теңге). 295 мың теңге жалақыны мұнай өндеу өнімдерін өндіру саласындағы қызметкерлер, ал 297 мың теңге жалақыны әуе көлігі саласындағы қызметкерлер алды», — делінген хабарламада.

Құрылыс саласында жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде (308 мың теңге), біліктілік деңгейі бар мамандардан — қаптаушы-мраморшы (282 мың теңге) алды.

Ауыл шаруашылығы саласында біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (166 мың теңге), тракторшы (147 мың теңге), ал төменгі жалақыны — феремерлер мен қырықтықшылар және күзетшілер  27 — 41 мың теңге шамасында алды.

2

Негізгі кәсіптер және қызметтер топтары бойынша әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың басшылары лауазымында жұмыс істейтін еркектердің жалақысы 540 мың теңге, аудармашы — 282 мың теңге, экономист — 202 мың тенге, есепші — 167 мың теңге болды. Бұл әйелдердің орташа жалақысынан 1,1 — 2,2 есе жоғары.

Кәсіптер (қызмет) топтамалары және қызметтер бойынша жалақының саралануы өңірлік бөліністе де белгіленеді екен.

2016 жылғы қыркүйекте Алматы қаласы және Атырау облысында ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 920 мың теңге және 716 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, және Алматы облыстарында болды, мұнда басшылар 226 мың теңгеден 253 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 4,1 есені құрады.

Экономистің жоғары жалақысы Астана қаласында және Атырау облысында байқалды, тиісінше 251 мың теңге және 248 мың. теңге, ал төменгі — Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 94 — 104 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейінде айырмашылық бар Астана қ. — 175 мың теңге, ал Қарағанды облысында — 129 мың теңге.

Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 133 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,7 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 109 мың теңге және 1,6 есе, тәрбиелеушіде — 75 мың теңге және 1,5 есені құрады.