🏗ЕЛІМІЗДЕ ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫНА 43 ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНДЫ

🧱2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға салынған 43 мектеп ашылды. Осылайша, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
🏛Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында – 8 мектептен, ал елордада — 10 мектеп.
📍«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 млрд теңгеден асты. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шоттарына түскен.
🏫Жалпы, қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалды.