Еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып шықтым.
Ел өміріне, қоғамның дамуына қатысты көптеген мәселелер бойынша іргелі ой-пікірлер айтылған.
Сұхбатта еліміздегі сыртқы саясат және халықаралық қатынастар мәселелері де айтылыпты. Президент өз сөзінде 2024 жылы елімізде бірқатар ауқымды саммит, форумдар өтетіндігін атап өтті.
Биыл Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.
Жалпы, еліміздің сыртқы саясат саласында ауқымды жұмыстар атқарылып, салиқалы саясат жүргізіп келеді. Бұған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік дипломатиядағы абырой-беделі де белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.
Біздің басты мақсатымыз – еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау. Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда біз үшін көрші мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту маңызды.
Пірімбек Мадина Қайратқызы
«AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының консультанты