Еліміздің түпкір – түпкірінен келген колледж студенттері арасында киім үлгісі бойынша «Сән сайысы» өтті
Бүгін сән саласындағы әріптес әпкелерім Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері «Мақпал» сән үйінің директоры Базиля Көкенқызы, профессор Бапанова Сәуле Сыздыққызы және «Андрес» сән үйінің директоры Андрей Ткаченко, Худова Любовь Николаевна, Укеева Багдагуль Абдрасиловна сияқты тағы басқа әйгілі сала мамандарымен бірге Алматы мемлекеттік сервис және технология колледж директоры Жарқын Лепесқызының ұйымдастыруымен еліміздің түпкір – түпкірінен келген колледж студенттері арасында киім үлгісі бойынша «Сән сайысына» қатысып, әділ де ағалық бағамызды беріп, өсіп келе жатқан жастарымыздың өнерін тамашалап, кеңесімізді айтып қуанып қайттық.
Мұндай жоғары деңгейдегі сән сайыстары жиі ұйымдастырылып тұрса, жеңіл өнеркәсіптің дамуына, өз киімімізді өзіміз тігетін күнге жетеміз деп үміттенемін.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алматы қаласы Мәслихат депутаты, «Ерке-Нұр» сән үйінің директоры Фарида Мерхамитқызы