ЕЛІН СҮЙГЕН ЕР БОЛАР

9 мамыр — Жеңіс күніне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастаған ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлері «Белгісіз солдат» ескерткішіне гүл қойып, бір минут үнсіздікпен отан үшін жанын садақа еткен ел оғландарын еске алды.
Аудан басшысы ер есімі мәңгі есте сақталатынын айтты.
–Жеңіс күні – аға ұрпақтың ерлігін
мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған
қастерлі мереке. Қаншама уақыт өтсе де, бұл күн тарих төрінен орын алатын ұлы мереке болып қала береді. Отан қорғаудағы ата-әкелердің ерлігі мен қаhармандығын бүгінде бейбіт өмір, бақытты тұрмыс кешіп жатқан
ұрпақ ұмытпаса керек, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Сондай-ақ аудандық Мәдениет үйі өнерпаздары мәнді қойылымдар қойды

Жамбыл ауданы әкімдігі