ЕЛМЕН КЕҢЕСКЕН ЕСКЕРТКІШ – ЕЛЕУЛІ ЖЕРГЕ ОРНАЛАССА

Биыл қарымды қалам иесі Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын мерекелеуге әзірлік жұмыстары Жамбыл өңірінде басталып кетті.Атқарушы орган тарапынан жоспар түзіліп, атқарылар шаруалар, іс-шаралар легі қоғам мен зиялылар арасында талқыла салынуда.Қай істе болмасын Жамбыл облысының әкімі Нұржан Молдиярұлы ашықтық танытып елдің пікіріне құлақ салып, халық өтінішіне басымдық беріп отыр.

Өз басым осы-ескерткіш десе елеңдеп тұратын адамның бірімінің.Оған негіз жоқ емес.Салада аз-кем тәжірибемде бар десем артық айтқан болмайын.Сол тәжірибеме сүйене отырып өз пікірімді айтды жөн деп санаймын.

Рухани ұстазымның бір сөзі еріксіз ойға оралады.Балам «обал мен сауап» деген бар. Осы жолды жадыңда ұста дегені ойда тұрады. Ойға оралған шаруаның қашанда екі жағынан қараған дұрыс-ақ.Тараз тарихи қала.Қалада сәулеті мен архитектурасы жағынан бірнеше ескерткіштер бар.Бұл ескерткіштер әр кезеңде ұрпақ үшін жасалған игі істері болып табылады.Сонымен қош дедік:Тақырып өзектілігі Шерхан Мұртаза ескерткіші орналасатын орынның айқындалуы және орнатылуына мән берсек.Ескерткіш орны жөнінде әркімнің өз пікірі бар, айтары бар.Менің пікірімде елмен кеңесілген ескерткіштің елеулі жерге орналасып, қаланың қай жеріне қойылса тарихи мәнге айналуын құп көремін.Бір жылдары тарихи Тараз атауын қайтарғанда, байырғы Жамбыл қаласы ұмыт болады деген сыни пікірлер болған.Сол сыни пікірлер уақыт өте қаланың келбетін өзгертіп, дамуға бастады.

Менің бірінші айтарым Шерхан ескерткішін Тәуке хан мен Бектөбе аймағындағы Жамбыл көшесінің қиылысына күре жолдың батыс бағытынан алып қарағанда оң қатпалына орнатқан дұрыс-ақ.Мұны қаланың бір шет аймағы деп қараудың керегі жоқ.Қаланың іші ескерткіштерге толып тұр   және қай ескерткіштің кімге қойылғанын ажыратудан қалып барамыз.Ұсыныс ретінде айтылған жердің барлық жағынан халыққа, қала қонақтарына көрнекі орын екенін айтқым келеді.Осы пікірден кейінгі сын айтушыларға айтарым Жамбыл есімімен облыс, аудан, ауыл, көше, мектеп т.б. атаулары жетіп артылады.Жоғарыда айтылған күре жол бойындағы қиылыс төріне Шерхан ескерткішін орнатып, қәзіргі Жамбыл көшесінің атауын өзгертіп, ономастикалық комиссия қарауына ұсынып Шерхан Мұртаза даңғылы деп неге қайта атау бермеске.Аталған көше ұзындығы 10 шақырымға ұласып жатыр.Бұл пікірге көптің келісетіндігіне көзім жетеді.Екінші жағынан алып қарағанда қала кіреберісінің аумағы абаттандырылып, бүгінде қала қатпарында қанаттас орналасқан жолы мен жарығы қиын жағдайда тұрған Бектөбе аймағы Жамбыл көшесінің жолы жөнделіп, жарығы жанар еді.

Үшіншіден айтар болсам ескерткіш тұрғызылатын орынның іргесінде қаланың тарихи батыс Тараз қақпасы тұр.Осы тұста өткен күннің бір естелігін айтайын. Мен айтқан орынға көзі тірісінде Шерхан Мұртаза ағамыз Айша бибі кесенесіне жасаған бір зияратынан қайтар жолда осы жерге арнайы тоқтап Тараз қақпасындағы жазуларды бір сүзгіден түгендей оқып көптеген естеліктер айтып еді.Бұл сонау жылдар еншісінде болған әңгіме.Жоғарыда айтқанымдай бірінші кезекте барлық істің тарихына мән бергеніміз абзал болар еді.Қәзір ойлап қарасам «Бір кем дүние» дей жүріп Шерхан атамыз көзі тірісінде барлығын өзі айтып, нақтылап кеткендей көрінеді маған.Бұл зиярат сапарынан кейінгі ой әрине бұл менің жеке пікірім болар…ескерткіш қайда тұрғызылсада көрмес тасада қалып обалына қалмай, ел назарындағы елеулі жерге орнатып сауапты болатындай іс жасайық. Ескерткіштің тұла бой тұғыртасына аса мән беріп, ескерткішті архитектуралық келбеті жоба авторы пікіріндегі көрнекі өлшемшарттарымен орнатқаны жөн.Айтарым халық пікірі қарашаға бастама!

Алмас Мухтаров