Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдау өткізді

Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына жұмысқа тұру мен тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Нұр-Сұлтан әкімдігі карантин басталғаннан бері азаматтарды қабылдауды тоқтатқан жоқ. Тұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылды.

 

 

Азаматтар көтерген мәселелердің орындалу барысын қарау және бақылау үшін электронды карталар жүйесі құрылды. «Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына жұмысқа тұру мен тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша қасбетті нығайту, шатырды ауыстыру, кіреберістерді жөндеу және т.б. жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

Биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендерін жөндеп, 130-дан астам лифтті ауыстырамыз. Атқарылып жатқан жұмыстар тұрғын үй жағдайын айтарлықтай жақсартады», – деп жазды Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында. Сонымен бірге апатты жағдайдағы ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тізімде салынғанына 90 жыл болған үй де бар. «Көтерілген мәселелер бақылауда», – деді Алтай Көлгінов.