Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдау өткізді

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді. Бұл туралы ол өзінің «Инстаграмдағы» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Азаматтарды тұрақты түрде онлайн-қабылдап жатырмыз. Бүгін қала тұрғындары тұрғын үй, спортпен айналысу үшін жағдайды жақсарту және т.б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемін арттырамыз. Әлеуметтік пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға,(халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына беріледі. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер және т. б. үшін бірқатар тұрғын үй саламыз.

Сондай-ақ, спорт нысандарын ашу және спортпен айналысуға жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Сұрақтар жоспарға бекітілді», — деп жазды Алтай Көлгінов.