Елорда әкімі өңірлерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының әкімдері келді. Жалпы алғанда өңірлер елордаға 1200 тоннадан астам өнім әкелді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, СҚО өнімдері таза әрі табиғи. Тауар бағасы 20%-ға төмен. Сондықтан да СҚО өнімдерін сатып алушылардың саны көп. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы жақсы өнім жинап, еліміздің көптеген облыстарына өнім экспорттауда. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржикпаев атап өткендей, еттің әрбір 3-ші кг, сүттің 3-ші литрін, жұмыртқаның 90%, құс етінің 60% елордаға біздің облыс жеткізуде». Елордалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне еліміздің 14 өңірі қатысты.  

«Біз бірінші жәрмеңкелерді Елорда күні өткізе бастадық. Содан кейін тұрақты негізде әр сенбі мен жексенбі өткіздік. Біздің әріптестерімізге, басшыларға, облыс әкімдеріне және барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге алғысымды білдіремін. Бүгін жәрмеңке аяқталуда. Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер мерекелерде өткізіледі. 1 желтоқсан, 16 желтоқсан және жаңа жылдық мерекелер уақытында өткізілетін болады. Ең бастысы — тұрғындарды қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамту», — деді А. Көлгінов.

30 жәрмеңке өткізіліп, 7 мың тоннадан астам өнімдер сатылды: 700 тоннадан астам ет, 300 тонна сүт өнімдері, 2,5 мың тонна көкөніс және т.б. Баға базар бағасынан 10-20% төмен.