Елорда филармониясының әртістері Конституция күніне арнап бейнебаян түсірді
Солистер қаланың әр жерінде «Мәңгілік Ел» патриоттық әнін орындады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Ата заңның 25 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармония солистері мерекелік бейнебаян түсірді. Өнер ұжымы «Конституция» бейнебаяны қазақстандықтарға Конституция күніне әдемі және есте қаларлық тарту боларына сенімді.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы қазақ халқына негізгі құқықт пен бостандық берді. Заңның үстемдігі қазірдің өзінде елді маңызды нәтижелерге жеткізді және оның әрі қарай дамуына ықпал етуде. Қазақстанды модернизациялауда елордамыз да елеулі үлес қосты. Сондықтан Нұр-Сұлтан филармониясының жаңа жобасы бас қаланың ең қызықты сәулеттік композициялары мен ғимараттарының әсемдігімен көзге түсті.
«Жақында қазақстандықтар мемлекетіміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Конституция күнін атап өтеді. Филармония әртістері мерекеге сый дайындады. Ол біздің еліміздің патриоттарын қуантады деп сенемін. Қымбатты отандастарымды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын және барлығымызға амандық пен Қазақстанның гүлденуін тілеймін!» – деді Нұр-Сұлтан филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов.
«Конституция» бейнебаянында елорда филармониясының солистері Ернұр Әзімбаевтың «Мәңгілік ел» патриоттық әнін қаланың әр жерінде – Тәуелсіздік алаңында, қалалық алаңда, «Нұр әлем» болашақ энергиясы мұражайы, «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында және т.б. жерлерде орындады. Жобаға Естай Мұқашев, Дос, Диана Маева, Дихан Ильяшев, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Айдын Жұмабаев, Шахризада және Бибігүл Тыныштық, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин және Дәстүр Асылхан қатысты.