Елорда тұрғындары Арыс қаласында зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері, қалалық мекемелері, кәсіпорындары Қазақстанда бастау алған «Арыспен бірге» атты жалпыреспубликалық акция аясында бір күндік жалақыларын Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына аударады. Елорда әкімдігі Арыс қаласының 500 баласын жазғы лагерьге бір айға барлық қажетті заттармен, киіммен, аяқ киіммен, мектепке қажет құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп жібереді. Қаланың зардап шеккен тағы 1000 баласына жазғы демалысты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті қабылдайды. «Зардап шеккен отбасыларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен тұрғындары қаржылай тұрғыда да көмек көрсетеді», — деп атап өтті ол. Акция аясында зардап шеккендерге Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері мен меценаттары азық-түлік тұрғысынан гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, елорданың 5 нүктесінде зардап шеккендер үшін қажетті заттарды қабылдау пункті ашылады. Қаланың тұрғын үйлері мен басқа да инфрақұрылым объектілерін қалпына келтіру үшін Нұр-Сұлтаннан Арыс қаласына құрылыс бригадалары мен қажетті құрылыс материалдарының керуендері тартылады. Сонымен қатар, «Қазақстан медицина жастары» қоғамдық ұйымы зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық оқу орындарының студенттері мен медицина қызметкерлері арасынан еріктілерді жинауда. Арыс қаласына 30-40 ерікті жіберу жоспарланып отыр. Сол сияқты игілігі мол істен әлеуметтік желілер де шет қалмай, «Нұр-Сұлтан қаласы Арыспен бірге!» челленджін #НұрСұлтанқаласыАрыспенБірге хэштегі арқылы іске қосты.

Мына мекенжайларда қабылдау пунктері орналасады:

— Республика даңғылы, 34, «ЖАСТАР» сарайы, 3-қабат, №306 кабинет, байланыс телефоны: 8 775 513 64 41;

— Тәуелсіздік даңғылы, 3, «Нұр Отан» партиясы елордалық филалының ғимараты, №405 кабинет, байланыс телефоны: 87759500298;

— Жеңіс даңғылы, 62, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, байланыс телефоны: 48-19-10.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі

astana.gov.kz