Елорда тұрғын алабында әлеуметтік тұрғын үй құрылысы салынуда

Қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап. “Пригородный» елді-мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бүгін құрылыс барысымен таныстым. Үйлерді биыл тапсырамыз. Оның жанында балабақша, мектеп бар. Шағын ауданда қоғамдық көлік қатынайтын жолдар салынды. Өткен жылы елді-мекенде 800 орындық мектеп және «Аспан» спорт кешені ашылды. Аула алаңдары абаттандырылды. Бүгін «Пригородный» елді-мекеніндегі бірқатар аудандарды араладым. Тұрғындар жарықтандыру, кәріз жүйесі, жолдарды жөндеу бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Екі ауданда екі ірі аула алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық жастағы тұрғындардың мүдделері ескеріледі: ашық ауада демалу үшін де, тыныш уақыт өткізу үшін де алаңдар болады. Сонымен бірге жарықтандыру, жол салу, кәріз мәселелерін шешу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада барлығы 280 мың адам тұратын 16 елді-мекен бар. Бұл — елорда халқының төрттен бір бөлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық елді-мекендерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептер, медициналық орталықтар, әлеуметтік тұрғын үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жолдар, канализациялар және т.б. салынады”,-деп жазды Алтай Көлгінов. Фото: Александр Куприенко