Елордадағы карантин: Астаналықтар дәрігерлерді қолдап, ду қол шапалақ соқты

COVID-19 коронавирусының таралуын алдын алу мақсатында карантинде қалған елорда тұрғындары дәрігерлерге ерекше алғыс білдірді. Астаналықтар терезелерін ашып, ақ халатты жандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Акция медициналық қызметкерлерді қолдау және олардың жұмысының маңыздылығын көрсетуге бағытталды. Елордалықтар дәрігерлерге өз қолдауын үйден шықпай осылай білдіріп жатыр», – дейді волонтерлер штабының мүшелері.

«Біздің бастамамызды барлық тұрғындар қолдайды деп ойлаймын. Осылайша барлығымыз карантин кезінде тәулік бойы жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қолдау көрсетеміз деген үміттенеміз», – деді көпқабатты үй тұрғындарының бірі.

 

 

Волонтерлер жылы шеңберіндегі маңызды бағыттардың бірі «Саулық» медициналық еріктілігін дамыту болып табылады.  Жыл басынан бері «Саулық» еріктілері тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне кеңес беріп, медициналық көмек көрсетіп келеді.

 

 

Сондай-ақ карантин кезінде қалалық волонтерлер штабы «Нұр Отан» партиясы және  «Жас Отан» жастар қанатымен бірге мұқтаж жандарға қажетті заттар мен гигиена құралдарды таратты.  Жалпы алғанда, шара барысында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5000-ға жуық отбасы қажетті заттармен қамтылады.

Сонымен қатар волонтерлер Ішкі істер департаментімен бірлесіп карантин режимі ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында қоғамдық орындарда рейдтер өткізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.