Елордада барлық ХҚКО алдына әлеуметтік қашықтық белгілері орнатылды

Бұл азаматтарды COVID-19 жұқтырудан барынша қорғау үшін жасалуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

 

 

Венера Калимованың айтуынша, әлеуметтік қашықтық белгілері орнатылып, қауіпсіздік шараларының барлығы сақталған. «Азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорданың барлық ХҚКО ғимараттары алдында әлеуметтік қашықтық белгілері орнатылды. Бұл адамдардың қашықтық сақтауын жеңілдету үшін қажет. Сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Қызметкерлеріне арнайы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Келушілерге 1,5-2 метр қашықтық сақтау қажеттігі ескертіледі», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директоры Венера Калимова. Хабарланғандай, сауда нысандары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта қалада шамамен 6,900 нысан бар, олардың барлығы дерлік дезинфекцияланды.