Елордада көпбалалы отбасылардың бірыңғай тізімі жасалды.

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елордалық көпбалалы отбасылардың бірыңғай тізімі жасақталып, дерекқор құрылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР ШҚО-да 23 мыңнан астам көпбалалы ана бар Ақмола облысында 650-ден астам көпбалалы отбасы есепке алынды Еліміздегі ең жас көпбалалы ана Шымкентте тұрады «Әкімдікке келіп түскен барлық өтініштерді біз талдадық. Оның нәтижесінде 267 өтініштің 260-ның мемлекет тарапынан қарастырылған барлық жәрдемақы түрлерін алатындығы анықталды. Қалған үміткерлерге бұл жеңілдіктер тағайындалмайды. Сондай-ақ, білім беру саласы бойынша 28 өтініш келіп түсті, оның 8-і балабақшаға орналастыруға, 10-ы тегін тамақтануға рұқсат сұрады.Оның барлығына қолданыстағы ережеге сай жауаптар берілді», — деді ол әкімдік отырысында. Одан бөлек, әкім орынбасары Астанадағы көпбалалы отбасылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын анықтап, зерттеу мақсатында арнайы дерекқор құрылғанын айтып өтті. «6 ақпаннан бастап Астанадағы аудан әкімдіктерінде учаскелік комиссия күнделікті көпбалалы және отбасылық жағдайы төмен азаматтарды қабылдауда. Оларға тиісті кеңестер мен түсініктеме берілуде. Әрбір отбасыны жан-жақты зерттеу үшін біз көпбалалы отбасылардың дерекқорын құруды бастадық. Онда отбасы мүшелері туралы мәліметтердің толыұ базасы болады. Одан соң, әр отбасының тұрмыстық жағдайын анықтай отырып, олардың сұрақтары мен әлеуттік жағдайы қадағаланатын болады», — деді ол. Сондай-ақ, М.Бектұрова өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдік тарапынан ұсыныстар жіберілгенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, олар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін есептеуді қайта қарау және атаулы әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін арттыруға қатысты