Елордада қазақ тілін тегін оқыту курстары басталды
Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен елорданың барлық аудандарында мемлекеттік тілді тегін үйрететін курс жұмысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Курс барысында елордалықтарға мемлекеттік тілді оқытумен қатар, латын графикасына үйрету көзделген. «Өткен жылы 1500-ге тарта қала тұрғынын бес деңгей бойынша қазақ тіліне үйреттік. Олардың ыңғайларына қарай елорданың 4 ауданында оқу кабинеттері жұмыс істеді. Курс аптасына үш реттен жыл соңына дейін жалғасты. Ал латын графикасына 854 қызметкер сұраныс білдіріп, оларды толығымен қамтамасыз еттік. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, қорғаныс саласының мамандары, БАҚ өкілдері бар. Биыл да осы жұмыстарды жүйелі түрде атқаратын боламыз. Қосымша ақпараттарды «Руханият» мекемесінің әлеуметтік желілерінен көре аласыздар», — дейді Тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлімнің басшысы Гүлнара Камашева. Тіл курстарын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асып жатыр. Қала тұрғындары төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша қазақ тілі курсына жазыла алады: Алматы, Есіл аудандарының тұрғындарына – Қошқарбаев даңғылы, 50 және Қабанбай батыр даңғ., 8 (213-оқу кабинеті), Алматы және Байқоңыр аудандары – М.Ғабдуллин к-сі., 5, 3-қабат (304-оқу кабинеті); Сарыарқа, Байқоңыр аудандары – Республика даңғ., 42, 3-қабат (7-оқу кабинеті).
В Нур-Султане организовали бесплатные курсы по изучению казахского языка
Столичным Управлением по развитию языков и архивным делам совместно с государственным учреждением «Руханият» во всех районах города начата работа по бесплатному обучению государственному языку, сообщает официальный сайт акимата. Наряду с государственным языком предусмотрено обучение латинской графике. «В прошлом году около 1 500 горожан обучили казахскому языку по пяти уровням. Еще 854 астанчан изъявили желание изучать латинскую графику. Среди них были госслужащие, специалисты оборонной отрасли, представители СМИ. Для их удобства в 4 районах столицы функционировали учебные кабинеты. Занятия проводились три раза в неделю в течение всего года. В этом году мы также будем проводить эту работу на регулярной основе. Дополнительную информацию можно получить в социальных сетях на страницах учреждения «Руханият», — сообщила руководитель отдела по обучению языкам и методической работе Гульнара Камашева. Напомним, организация языковых курсов осуществляется на основе закона «О языках в Республике Казахстан» и государственной программы по реализации языковой политики на 2020-2025 годы. Жители города могут записаться на курсы казахского языка по нижеуказанным адресам: для жителей районов «Алматы, Есиль – проспект Кошкарбаева, 50 и проспект Кабанбай батыра, 8, кабинет 213; для жителей районов «Алматы» и «Байконыр» – улица М. Габдуллина, 5, кабинет 304; для жителей районов «Сарыарка» и «Байконыр» – проспект Республики, 42, кабинет 7.