Елордада қоғамдық көлік қозғалысы 27 қыркүйекте тоқтатылады
Бұл дезинфекциялық жұмыстарды жүргізумен байланысты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Жексенбі, 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл дезинфекция жұмыстарына байланысты.
Дүйсенбі күннен бастап, 28 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады.
Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.