Елордада жедел жәрдем шақырулар саны 3 есе азайды
Бұл көрсеткіш маусым айының басындағы 3 мыңнан бүгінгі күнге 1,1 мыңға дейін төмендеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Карантин кезінде қабылданған кешенді шаралар, соның ішінде науқастарды ауруханаға біркелкі бөлу үшін ахуалдық орталық, жедел жәрдем станциясына телеграм-бот (@ ns103bot) құру және колл-орталық жұмысы елордалық жедел жәрдемнің жүктемесін едәуір жеңілдетті. Шілде айының басынан бастап Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды – күніне 3000-нан 1100-ге дейін. Оның ішінде коронавирус инфекциясы бойынша – тәулігіне 500-ден 89-ға дейін. Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 70% – 10 320 науқастың 7 260-ы сауығып шыққан. Төсек-орын қорына жүктеме 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді. Covid-19-дың төмендеу динамикасын сақтау үшін барлық азаматтар қатаң санитария нормаларын: маска тағып, қашықтық сақтауы қажет.