Елордадан Екібастұзға көшіп келген 19 отбасының мүшелері жұмысқа орналастырылды

 

Астанадан Екібастұзға көшіп келген отбасылардың 21 мүшесі тұрақты жұмысқа орналасты, қалған 12 адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.

«Nurly Ertis» бағдарламасы бойынша Павлодар облысына көшіп келген Екібастұз қаласының жаңа тұрғындары ірі өнеркәсіптік компанияларға да, жеке ұйымдарға да жұмысқа орналасып жатыр. Көшіп келушілердің арасында медицина саласының қызметкерлері де, педагогтер де бар.

— Елордадан көшіп келген 337 адамның ішінде 100 адам жұмысқа жарамды, — дейді Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Айгүл Шабекова. – Уәде етілгендей біз қазір оларды жұмыспен қамтумен айналысып жатырмыз. 28 адам бала күту демалысында болса, 21 адам қазір тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. 12 адамға жұмысқа орналасуға жолдама бердік. 39 көшіп келуші үшін бос жұмыс орындарын қарастырып жатырмыз. Үш отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Екібастұзға көшіп келген отбасылардың 237 баласы жасына қарай бала бақшаға немесе мектепке тіркелді. Жергілікті билік органдары жаңа оқу жылы басталысымен балалардың бәрі де бала бақшаға немесе мектепке барады деп уәде берді.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы