ЕЛОРДАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АРЫС ҚАЛАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновтiң басшылығымен елордалық құрылыс бригадасы Арыс қаласын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге кірісті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Жалпы Арыс 17 секторға бөлінген, Нұр-Сұлтан қаласына 9 сектор бекітілген.

Бұл секторға барлығы 700-ге жуық бүлінген үй кiрдi, оның ішінде екі 4 қабатты, 58 екі қабатты, бір екі қабатты және толығымен бұзылған дүкен бар. Бұзылған нысандар аумағына күркелер орнатылып,

онда 15 астаналық құрылыс бригадасы, энергетиктер тобы, шаруашылық бригадасы, учаскелерге, тамақтануға, материалдар жеткізуге, шаруашылық және тұрмыстық мәселелерге жауапты мамандар жұмыс iстеп жатыр.

Құрылысшылардың жұмыс уақыты таңертеңнен басталады, 04:00-де оянса, сағат 5-тен бастап түс ауғанға дейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ары қарай үзіліс, сонан кейiн жөндеу жұмыстары сағат 17.00-ден 20.30-ға дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған