Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызмет алушыларды жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайтын болады. Ал мамандандырылған ХҚО сенбі күні қосымша 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Жаңа жұмыс уақытына байланысты ХҚО-ға кезекті 16.30-ға дейін (авто ХҚО-ға сенбі күні 15.30-ға дейін) брондау қажет.
Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде тәртібі қатаң сақталған. Алайда қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.
Қызмет алушы азаматтар арнайы медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспа сөз қызметі