Елордалық ХҚО жұмыс уақыты ұзартылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері А. Шагалтаеваның шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚО-лар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайтын болады. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ге дейін қызмет көрсетеді.
Авто ХҚО да құжаттар жұмыс және сенбі күндері 09.00-ден 18:00 -ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09.00-ден 20.00-ге дейін берілетін болады.
Сондай-ақ, әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚО-да алдын-ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚО-ға келуін egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.
Ал электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көп балалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспа сөз қызметі