Елордалық Жұмыспен қамту орталығы COVID-19 таралуының алдын алу үшін онлайн жұмыс режиміне ауысады
Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін онлайн режимде ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 2020 жылдың 22 маусымынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн режимінде жұмысқа ауысады. «Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы, COVID-19 короновирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі 25 ) және «Жанұя» отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі 14) азаматтарды қабылдауы уақытша тоқтатылатынын болады», — делінген хабарламада. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтердің спектрін 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электронды пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Барлық азаматтарға 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы, онлайн режимінде хабарласуды сұраймыз. Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.